Тауар тобын қалай жоюға болады?
Тауарлар тобын жою үшін жұмыс үстелінде «Тауарлар мен қызметтер» анықтамалығын ашыңыз немесе жоғарғы мәзірден мына жолмен өтіңіз: «Қойма» → «Анықтамалықтар» → «Тауарлар мен қызметтер».
-
Сол бағанда тауар тобы (папка) орналасқан каталогты таңдаңыз.
-
Оң бағанда қажетті топты таңдап белгілеңіз (топ көк түспен боялады).
-
Содан кейін «Жою» батырмасын басыңыз.

Әртүрлі топтарда (папкаларда) немесе жалпы каталогта жеке тұрған тауарлар мен қызметтерді тек бөлек-бөлек, әр позицияны жеке жою керек. Сондықтан бастапқыдан-ақ тауарлар мен қызметтерді жеке топтарда құруды ұсынамыз.
Егер сіз жойғыңыз келетін топта (папкада) ешқашан сатылмаған және олар бойынша бірде-бір құжат жасалмаған тауарлар мен қызметтер болса, олар толық жойылады. Ал егер тауар/қызмет кем дегенде бір рет сатылған және/немесе ол бойынша кемінде бір құжат жасалған болса, бағдарлама оларды «Жойылғандар» деп белгілеп, тиісті папкаға көшіруді ұсынады. Ол үшін шыққан терезеде «Орындау» батырмасын басыңыз.

Пайдалы болды ма?
Әлі де көмек керек пе?
Paloma365 қолдаумен байланысу →