«Қашықтан қол жеткізу» қалай беруге болады?
«Қашықтан қол жеткізу» — бұл компьютеріңізге Интернет арқылы қашықтан қол жеткізуге және оны басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар немесе операциялық жүйелердің функциялары.
Тәсіл № 1
Қашықтан қол жеткізу арнайы бағдарламалар көмегімен беріледі.
Жиі қолданылатын бағдарламалар:
- TeamViewer (Тимвивер)
- Supremo (Супремо)
- AnyDesk (Анидеск)
Бұл бағдарламалардың барлығын Интернет желісінен тауып жүктей аласыз.
Аталған бағдарламалар тегін, еркін қолжетімді және олардың орнату процедуралары ұқсас.
Бағдарламаны стандартты орнату және іске қосу процедурасынан кейін, компьютеріңізге қашықтан қол жеткізу беру үшін, техникалық қолдау маманына өзіңіздің ID (идентификатор немесе сәйкестендіру нөмірі) және Құпиясөзіңізді хабарлау қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер бағдарламадағы сандық және әріптік таңбалардың орнында бос өрістер немесе сызықшалар болса, бұл компьютеріңізде интернет-қосылым жоқ екенін білдіреді.
Белсенді интернет-қосылымсыз қашықтан қол жеткізу беру МҮМКІН ЕМЕС!
Тәсіл № 2
Бағдарлама жинағындағы қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын пайдалану.


- Фронт-офисті іске қосыңыз.
- Жоғарғы оң жақ бұрышта Мәзірді ашыңыз.
- Параметрлерді таңдаңыз және басыңыз (Параметрлерге кіру құпиясөзі әдепкі бойынша — 00000).
- Қашықтан қол жеткізу қойындысын тауып таңдаңыз.
- Ашылған терезеде өзіңіз қалаған бағдарламаны таңдап іске қосыңыз.
- Техникалық қолдау маманына ID және Құпиясөзіңізді хабарлаңыз.
Пайдалы болды ма?
Әлі де көмек керек пе?
Paloma365 қолдаумен байланысу →