Интерфейстің негізгі элементтерімен қалай жұмыс істеуге болады?
Анықтамалықтардағы негізгі механизмдер:
-
Ашылмалы тізім.
-
Форманы басқару.
Ашылмалы тізімдермен жұмыс
Ашылмалы тізімдерге ағымдағы анықтамалықтан шықпай-ақ элемент қосуға болады. Ол үшін әр ашылмалы тізімнің соңында «больше…» батырмасы бар. Осы батырманы басқанда, ашылмалы тізіммен байланысқан анықтамалықтың формасы ашылады. Мысалы, тауардың өлшем бірлігін таңдау кезінде тізімде қажетті өлшем бірлігі болмаса, «больше…» батырмасын басу арқылы «Единицы измерения» анықтамалығының формасын ашуға болады.
Анықтамалық формасын басқару
Анықтамалық формасын басқару 4 элементтен тұрады (3-сурет):
-
Сохранить — сақтайды, бірақ элементтің ағымдағы формасын жаппайды;
-
Сохранить и закрыть — сақтайды және элементтің ағымдағы формасын жабады;
-
История — осы элементтің өзгерістер тарихын көрсетеді;
-
Закрыть — элемент формасын өзгеріс енгізбей жабады;

Пайдалы болды ма?
Әлі де көмек керек пе?
Paloma365 қолдаумен байланысу →