Комбо-мәзір (Кешенді мәзір)

«Комбо — мәзір» анықтамалығы — (ФРОНТ ОФИС) кешенді түскі астар, біріктірілген мәзір және т.б. құрастыруға мүмкіндік береді.
Комбо — тауардың бағасы осы комбо — тауарға кіретін топтардың бағасына байланысты құралады.
«Комбо — мәзір» құрастыру үшін, кешенді болып табылатын тауарлардың тауар карточкасындағы қосымша қойындысында Комбо опциясы орнатылуы қажет.
Комбо — мәзірді құру нысаны 2 бөліктен тұрады:
-
Сол жақ бөлік — комбо — мәзірге қосуға болатын тауарлар тізімін қамтиды;
-
Оң жақ бөлік — кешенді болып табылатын элементтер тізімін қамтиды. Бұл тізімде кешеннің құрамын өзгертуге болады.
Тауарларды сол жақ бөліктен оң жақ бөлікке ауыстыру тінтуір арқылы (сүйреп апару) жүзеге асырылады.
Комбо — тауардың құрамы:
- Топтар — топ комбо — тауардағы тауарларды топтастыруға арналған, мысалы, «бірінші тағамдар», «екінші тағамдар», «сусындар», әрбір топ тауардың әртүрлі санын қамтуы мүмкін, 3-сурет:
1.1 Атауы — бағдарламадағы топтың көрсетілетін атауы;
1.2 Бағасы — бұл баға топтағы барлық элементтерге таралады, яғни тауардың бағасы жоғары немесе төмен болса да, тауар бағасы топ бағасына ТЕҢ болады;
1.3 Ең аз саны — клиенттің алуы қажет тауардың ең аз саны белгіленеді;
1.4 Ең көп саны — клиент алуы мүмкін тауардың ең көп саны белгіленеді;
- Элементтер — топқа байланыстырылады, 4-сурет:
1.1 Тауар — топқа кіретін тауар көрсетіледі. «Тауарлар мен қызметтер» анықтамалығына сілтеме;
1.2 Бағасы — (МІНДЕТТІ ЕМЕС) топ бағасына қосымша құн болып табылады, мысалы, топтың құны 100 болса, ал қосымша құнды 20 деп көрсетсе, нәтижесінде осы тауарды таңдағанда оның бағасы 120-ға тең болады!
1.3 Бөлімше — (МІНДЕТТІ ЕМЕС) осы тауар қай бөлімшеге жататынын, сондай-ақ тапсырыс қағазы қай принтерде басылатынын көрсетеді.
Пайдалы болды ма?
Әлі де көмек керек пе?
Paloma365 қолдаумен байланысу →