Әзірлеушілерден тегін техникалық қолдауДЖ-ЖС 08:00 — 01:00Демалыс және мейрам күндері жоқ

Кіріс ету

Сурет

«Тауарларды кіріс ету» құжаты — таңдалған қоймаға тауарларды кіріс етуге мүмкіндік береді. Бұл құжат таңдалған қоймада тауарларға «ПЛЮС (+)» жасайды.

КІРІС ЕТУ ТАУАРЛАР ТҮСУІНЕН ТЕК КІРІС ЕТУДЕ КОНТРАГЕНТ ТАҢДАЛМАЙТЫНЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ. Кіріс ету — мысалы, сіз жүріп бара жатып бір қап картоп таптыңыз, оны қоймаға әкелдіңіз және кәсіпорын балансына қою үшін кіріс ету жасайсыз.

БҰЛ ҚҰЖАТ ТАУАРЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ!

ҚҰЖАТТЫ КЕРІ КҮНМЕН ЖАСАҒАН КЕЗДЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЙТА ӨТКІЗУДІ (РЕТТІЛІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ) ІСКЕ ҚОСУ ҚАЖЕТ!

  1. «Тауарларды кіріс ету» құжатын жасау, 1-сурет:

1.1) Құжат коды — құжат сақталған кезде автоматты түрде тағайындалады;

1.2) Күні — (МІНДЕТТІ) құжат жасалатын күн. Егер күнді КЕРІ КҮНМЕН көрсетсеңіз, құжат құжаттар реттілігін бұзады және құжаттарды ҚАЙТА ӨТКІЗУ қажет болады. !КҮНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕЗІНДЕ МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ!;

1.3) Ұйым — (МІНДЕТТІ) құжат қозғалысы болатын ұйым;

1.4) Қойма — (МІНДЕТТІ) құжатта көрсетілген тауарлар түсетін қойма;

1.5) Кіріс бабы — (МІНДЕТТІ ЕМЕС) САЛЫСТЫРУ АКТІСІ есебінде көрсетілетін бапты белгілеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бап «Материалдық ведомость» есебінде көрсетіледі, бап қосымша топтастыру жасайды, яғни сол немесе басқа бапқа тиесілі тауар санын көру мүмкіндігі пайда болады.

1.6) «Тауарлар» кестелік бөлімі:

1.1) Тауар — (МІНДЕТТІ) қоймаға түсетін тауар көрсетіледі;

1.2) Саны — (МІНДЕТТІ) қоймаға түсетін тауар саны;

1.3) Өлш. бірл. — автоматты түрде қойылады;

1.4) Коэф. — автоматты түрде қойылады;

1.5) Бағасы — (МІНДЕТТІ) тауар бағасын көрсетеді, БҰЛ БАҒА ТАУАР БІРЛІГІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ;

1.6) Сомасы — (МІНДЕТТІ) саны * бағасы = сомасы формуласы бойынша автоматты түрде есептеледі;

  1. Құжаттың басып шығару нысандары:

1.1) Стандартты нысан;

1.2) Жүкқұжат (ҚР);

  1. Тауарларды жүктеу мүмкіндігі:

1.1) Файлдан — CSV, XLS форматындағы файл;

1.2) Буферден — Paloma365 TSD android қосымшасынан алынған ақпаратты қамтиды.

Пайдалы болды ма?

Әлі де көмек керек пе?

Paloma365 қолдаумен байланысу →