Тауарлар мен қызметтерге үстеме

«Тауарлар мен қызметтерге үстеме» құжаты — тауардың немесе тауарлар тобының бөлшек бағасын белгілі бір пайызға көтеруге мүмкіндік береді.
- «Тауарлар мен қызметтерге үстеме» құжатын жасау, 1-сурет:
1.1) Күні — (МІНДЕТТІ) құжат жасалатын күн. Күнді КЕРІ КҮНМЕН көрсетсеңіз, құжат құжаттар реттілігін бұзады және құжаттарды ҚАЙТА ӨТКІЗУ керек болады. !КҮНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ!;
1.2) Баға түрі — үстеме жасалатын баға түрі көрсетіледі;
1.3) «Тауарлар» кесте бөлімі:
1.1.1) Тауар — үстеме жасалатын тауар;
1.1.2) Баға түріне үстеме — автоматты түрде қойылады, осы тауар үшін қай баға түріне үстеме жасалатыны;
1.1.3) Үстеме түрі:
1.1.1.1) Плюс пайыз — тауардың бастапқы бағасынан көрсетілген пайызға үстеме жасалады;
1.1.1.2) Минус пайыз — тауардың бастапқы бағасынан көрсетілген пайызға арзандату жасалады;
1.1.1.3) Тіркелген мән — тауарға ескісінің орнына көрсетілген баға қойылады;
1.1.1.4) Плюс мән — тауардың бастапқы бағасынан көрсетілген мәнге үстеме жасалады;
1.1.1.5) Минус мән — тауардың бастапқы бағасынан көрсетілген мәнге арзандату жасалады;
1.1.4) Мән — тауарға үстеме жасалатын мән (пайыз немесе сандық мән);
1.1.5) Дейін дөңгелектеу — үстеме нәтижесінде алынған соманы қай ереже бойынша дөңгелектеу.
Пайдалы болды ма?
Әлі де көмек керек пе?
Paloma365 қолдаумен байланысу →